Site icon KAZAKBOL

Қарағанды маңындағы шахтаның жұмысы өрттен кейін тоқтады

28 наурызда Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Сарань» шахтасында өрт болды. Барлық шахтерлар эвакуацияланған, ешкім зардап шекпеген.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке шахта аумағындағы технологиялық кешендегі өрт сөндірілген. Бірақ шахтада жұмыс тоқтатылған.

«Апатты жою жоспары бойынша шахтадағы жерасты жұмыстары тоқтатылған. Екінші кезекте істейтін жұмысшылар — 141 адам жер үстіне шығарылған. Ешкім зардап шекпеді. Үшінші кезек қана жұмысқа кірісті. Өртке жақын «Сарань» шахтасындағы жұмыстың үштен бір бөлігі тоқтады» деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі 28 наурызда.

Бұл осы шахтада болып жатқан алғашқы апат емес. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 12 наурызда «Сарань» шахтасынан өрт шығып, шамамен 300 адам жоғарыға шығарылған. Бірнеше күн бұрын онда кенші қаза болған.

Қаңтар айында компанияның Ленин атындағы шахтасында бұрғылау жұмыстары кезінде апат болып, екі адам шахта газынан уланып, ауруханаға түскен. Тағы бір машинист сыртқа шыға алмай қалған. Кейінірек жер астынан оның денесі табылды. Оқиға кезінде шахтада 137 адам болған.

2017 жылы желтоқсан айында «Сарань» шахтасының жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен АМТ компаниясының өзге шахталарындағы жұмысшылар ереуіліне қосылған.

centralasian.org

Exit mobile version