Site icon KAZAKBOL

«Қазақстан Халық банкі» Тәжікстандағы еншілес ұйымын сатады

«Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ Тәжікстандағы еншілес ұйымның («Тәжікстан халық банкі») 100 пайыз акциясын сатады. Бұл жөнінде банктің ресми сайтында жазылған. «Тәжікстан халықаралық банкімен» акцияларды сату жөнінде келісім желтоқсанда аяқталады деп айтылады.

Ақпаратқа қарағанда, «Тәжікстан халықаралық банкі» қажетті мақұлдаулардың бәрін алған.

Банктің хабарлауынша, келісім аяқталғаннан кейін еншілес ұйым бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді.

Елдегі ең ірі коммерциялық қаржы ұйымы – «Қазақстан Халық банкіне» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен күйеуі Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Алмэкс» компаниясы иелік етеді. Банктің Қазақстанда 550-ден астам бөлімшесі бар. Банк сонымен бірге Грузия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанда да жұмыс істейді.

Бұған дейін ақпарат құралдары Қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан Халық банкі» акциясының құны төмендеп, Құлыбаевтар «кедейлене» түскенін жазған. Forbes журналының бағалауынша, қаңтардың басында олардың дәулеті 6,2 миллиард доллар болған. Бірақ көп ұзамай ықпалды отбасы шығынның орнын толтырып, дәулетін қалпына келтірген.

Источник

Exit mobile version