Site icon KAZAKBOL

Қазақстандағы сот соғыстан қашқан ресейліктің арызын қанағаттандырмады

Батыс Қазақстан облысының соты 25 мамырда соғыстан Қазақстанға қашып келген ресейлік Игорь Санджиевтің елден шығару туралы шешімге шағымын қанағаттандырмады.

Мамырдың басында Бөкей ордасы ауданының сотының Игорь Санджиевті Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп танып, оған алты ай шартты жаза белгіледі, сонымен бірге елден шығарып, бес жыл бойы қайта кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады. Сотталушы соттан елден шығарудан басқа жаза қолдануды сұраған.

Ресей азаматы сот үкімінің оны отанына мәжбүрлеп қайтару туралы бөлігімен келіспейді, себебі елінде оны ұзақ жылға түрмеге қамап қояды деп қауіптенеді. Санджиев пен оның адвокаты соттың жоғары инстанциясына апелляциялық шашым түсіріп, Қазақстаннан шығару жөніндегі шешімді алып тастауды сұраған.

Санджиевтің адвокаты Юрий Кобзарев қорғауындағы азаматтың шекарадан заңсыз өтуге байланысты кінәсін толық мойындайтынын, бірақ ол Қазақстанға босқын мәртебесін алу үшін келгенін айтты. Алайда сот көп ойланбастан Игорь Санджиевтің шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Аудандық сот шешімі өзгеріссіз күшіне енді.

Сот материалдарына қарағанда, 26 наурызда Игорь Санджиев Қазақстан шекарасын заңсыз өткен. Ол Ресейдегі Волгоград қаласында орналасқан әскери бөлімнен қашып шыққан. Санджиев Украинадағы соғысқа қатысқысы келмеген.

Источник

Exit mobile version