Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда бір күнде 1472 адамнан коронавирус табылды

29 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1472 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 644 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Cұлтан қаласында — 226, Шығыс Қазақстан облысында — 211, Алматы қаласында — 208, Қарағанды облысында 107 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Ресми дерек бойынша, елде барлығы 87 664 адамға коронавирус жұққан. 57 815 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.

Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын, вирус жұқтырғандар азайып, ауруханалардағы орындардың босағанын айтқан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде вирус қаупі сейілмегенін айтып карантин шараларын тағы екі аптаға созған.

centralasian.org

Exit mobile version