Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда ревакцинация қараша соңында басталады, биыл 600 мың адам қосымша доза салдыруы тиіс

Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа екпе салу жөнінде консультативтік комиссиямен бірігіп, азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу (ревакцинация) науқанының ережелерін бекітті. Бұл жөнінде 13 қазанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда ревакцинация қарашаның соңында басталады. Коронавирусқа қарсы қосымша доза (бір доза ғана) екпенің қос дозасын алғаннан соң 6-9 ай өткеннен кейін салынады.

Министрлік дерегінше, республикада ақпан мен мамыр аралығында шамамен 600 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Вакцина бірінші кезекте осы азаматтарға салынады.

Ревакцинациядан өтуі тиіс топтар:

Министрлік жұрт алғаш салдырған коронавирусқа қарсы вакцина түрін таңдамауға кеңес берді. Тактикаға сәйкес:

Facebook’та қолданушылардың сұрақтарына жауап берген министр Алексей Цой:

«Бір вакцинаны қайта салдыруға тыйым салынбаған. Бірақ әртүрлі өндіріс әдісімен әзірленген республикада тіркелген басқа вакцина пайдалануға кеңес беріледі. Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімді түбегейлі түрде бекітеді» деп жазды министр.

Источник

Exit mobile version