Қазақстан үкіметі «Трамадол» препаратын есірткі заттардың тізіміне енгізді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, бұдан былай бұл препарат арнайы рұқсаты бар дәріханаларда ғана сатылады. Дәріні рұқсатсыз сатқандарға қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған.
«Трамадол» — Қзақстанда дәрігерлердің рецептімен сатылатын күшті апиын анальгетик. Ол тәуелділік туғызады әрі есірткі зат ретінде қолданылады. Бұл препарат кейбір дәріханаларда рецептісіз және жеке адамдарда сатылып келген.
Былтыр Орал тұрғындары «Трамадол» заңсыз сатылып келгенін айтып арызданған.