Site icon KAZAKBOL

Қазан айынан бастап орыс газы Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізілмек

Өзбекстан биыл қазан айынан бастап Ресейден тәулігіне 9 млн текше метр газ сатып ала бастайды. Импорттың жылдық көлемі шамамен 2,8 млрд текше метр болады. Осылай деп Өзбекстанның энергетика министрлігі хабарлады.

16 қазанда Санкт-Петербургтағы халықаралық экономикалық форумда Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов пен «Газпром» төрағасы Алексей Миллер екі жыл мерзімге газ жеткізу бойынша келісімге қол қойған.

Келісім жайлы енді белгілі болды. Бірақ оның сомасы айтылмады.

Келісімнен тыс 22 шақырым жаңа магистралдық газ құбырын салып, 56 шақырым газ құбырын жөндеуді қамтитын жол картасына қол қойылған.

Былтыр қараша айында Ресей президенті Владимир Путин Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында газ одағын құруды ұсынған. Бұдан соң Өзбекстан тарапы орыс газын Қазақстан арқылы жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын, бірақ бұл одақ емес, «техникалық келісім» болатынын мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version