Site icon KAZAKBOL

Қазанда орта мектепте атыс болып, кемінде 9 адам қаза болды (видео)

Қазан қаласындағы мектепте атыс болып, кемінде 9 адам қаза болды. «Казан репортер» басылымы оқиғадан тікелей эфирде хабар таратып жатыр. Интерфакс та тоғыз адамның қаза болғанын хабарлады.

«Нақтыланған мәлімет бойынша, 8 оқушы және бір мұғалім қаза болды» деді аты-жөнін айтпаған дереккөзі агенттікке. Оның айтуынша, екінші шабуылдаушы мектептің төртінші қабатында қоршауда қалған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 12 бала мен бір ересек адам ауруханаға жатқызылған.

Life полицияның мектепте оқ атқан адамның бірін ұстап жатқан сәтінен видео жариялады. Дереккөздің хабарлауынша, көпке жасөспірім оқ атқан.

Мектептің айналасын Росгвардия жасағы қоршаған. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі, полиция көлігі жеткен.

11 мамырда таңертең жедел қызмет нөміріне Қазан қаласындағы № 179 мектепте атыс болып жатқаны жайлы хабар түскен. Куәгерлердің айтуынша, ол кезде оқушылардың бір бөлігі далаға шығып үлгерген, бір бөлігі «кабинеттерінен шыға алмай қалған».

Татарстан республикасы білім және ғылым министрлігі алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында бала жоқ мәлімдеген. Мэрияның баспасөз қызметі балалардың мектеп ғимаратынан шығарылып үлгергенін хабарлады.

Mash телеграм арнасының дерегінше, арнайы жасақ мектепке штурм жасай бастаған. Балалар мектептің жоғарғы қабатынан эвакуацияланған.

Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов, денсаулық сақтау министрі Марат Садыков және аймақ прокуроры Илдус Нафиков барған.

Источник

Exit mobile version