Site icon KAZAKBOL

Қажылық кезінде екі тәжік азаматы қайтыс болды

Сауд Арабиясында қажылық кезінде Тәжікстанның екі азаматы – 62 жастағы Мұхаммад Расулов пен 64 жастағы Кизларгул Тожиева қайтыс болған.

Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті олардың жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлады.

Екеуі де Меккеде жерленеді.

Тәжікстанның бас санитар дәрігерінің сөздерінше, қажылықта жүрген өзге тәжікстандықтардың денсаулығы жақсы. Алайда кейбірі салқын суды жиі ішкендіктен тамағы ауырып, дене қызуы көтерілген.

Биыл Сауд Арабиясы Тәжікстанға қажылыққа бару үшін 3562 квота бөлген. Пандемияға дейін жыл сайын 6 мыңға жуық тәжік азаматы қажылыққа баратын. Соңғы екі жылда коронавирус пандемиясына байланысты қажылық сапары тоқтап қалған.

Источник

Exit mobile version