Соңғы уақытта шаһарымызда жол ережесін бұзу жайты жиілегені рас. Оған себеп, ережені ескергісі келмейтін жүргізушілердің мас күйде тізгінге отырып, қарсы бағытта жылдамдықты асыруы. Нәтижесінде, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін жол апаттары орын алуда.
Мұндай заңсыздықтың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында қала аумағындағы бақылау бұрынғыдан да күшейтілді. Оның ішінде,патрульдік полиция полкінің қызметін жеделдетуге «Қорғау» қосымшасының көп көмегі тиді.
Мәселен, қалада сәуір айынан бастап «Қорғау» бағдарламасының көмегімен 4468 жол ережесін бұзу жайтына қатысқан 1200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Оның ішінде сақтандыру құжатынсыз көлік басқарған 627 тізгіндеуші, шетелдік нөмір таққан 275 автокөлік пен айыппұлы төленбеген 31 азамат анықталды. Оларға қатысты, әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шаралар тағайындалды.
Мәселен, тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде «Қорғау» қосымшасы арқылы жылдамдықты асырып келе жатқан «Ravon Nexia» маркалы көлігі туралы сигнал алады. Сонымен қатар, бағдарлама жалған нөмірі бар көліктің алдыңғы бұзушылықтары үшін төленбеген айыппұлдары бар екенін көрсетті. Яғни көлік жүргізушісінде жыл басынан 143 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, ал оның айыппұл сомасы 3 миллионнан асып кеткен. Көлік иесіне барлығы ескертіліп, түсіндірме жұмысы жүргізіліп, тиісті хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айыптұрағына қойылды.
Бұдан өзге патрульдік полиция инспекторларымен қызмет барысында Тәуке хан даңғылында жылдамдықты асырып келе жатқан «Toyota Carina» маркалы көлік тоқтатылады. Аталған автокөлік туралы ақпарат «Қорғау» бағдарламасымен анықталған және көлік иесімен жыл басынан жол ережесін бұзғаны үшін 34 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелгені, ол үшін 645 104 теңге сомасында айыппұлы бар екендігі көрсетілген.
Дәл осындай мазмұнда қала көшелерінде жылдамдықты асырған айыппұлы жоғары екі автокөлік «Toyota Alphard» (22 әкімшілік құқық бұзушылық 384 мың теңге айыппұл) және «Lexus RX 300» (22 әкімшілік құқық бұзушылық 442 675 мың теңге айыппұл) маркалы көліктер тіркелген. Автокөліктердің барлығы айыптұраққа жабылды.
Тәртіп сақшыларына мегаполис тұрғындарының тыныштығы аса маңызды. Сондықтан, қала көшелеріндегі жол қозғалысы үнемі басты назарда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі