Site icon KAZAKBOL

Қырғыз үкіметі Құмтөр дауын «Центеррамен» бейбіт реттейтін келісім жобасын мақұлдады

Қырғыз үкіметі Құмтөр алтын кені төңірегіндегі дауды Қырғызстан мен канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы арасында бейбіт реттейтін келісім жобасын мақұлдады.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған №157 жарлық 25 наурызда қабылданған. Онда Қырғызстан мемлекеттік органдарына осы құжатты жүзеге асыру тапсырылған, үкімет басшысы Ақылбек Жапаров қажет деп тапса, келісімді толықтыра немесе өзгеріс енгізе алады. Келісімнің басқа да жайттары айтылмады.

Еске салайық, наурыз айының басынша Жогорку Кенеш Құмтөрге қатысты дауды реттеу жолдары айтылған үкімет жобасын жабық режимде мақұлдаған. Құжат мазмұны беймәлім: депутаттар құпия құжатқа қатысты мәлімет беруден бас тартты.

Қырғызстан билігі де канадалық компаниямен жасалатын бейбіт келісім туралы ештеңе айтпай отыр. Бірақ биыл қаңтардың басында Centerra Gold Inc. Құмтөрден толық кету шарттарын жариялаған. Атап айтқанда, Қырғызстан экологиялық шағымдарынан, сонымен бірге Centerra’дағы акцияларынан бас тартуы тиіс. Алайда бұл келісімнен кім ұтатыны әзірге белгісіз, дейді сарапшылар.

Құмтор – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндіріледі.

Источник

Exit mobile version