Site icon KAZAKBOL

Қырғыз үкіметі Тәжікстанмен бірге салатын Ходжаи Аъло–Ворух жолының жобасына түсініктеме берді

Қырғызстан үкіметі 7 мамырда қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялардың бірлескен мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Құжатты Қырғызстан мен Тәжікстан 1 мамырда Баткен қаласында қабылдаған.

Атап айтқанда, Қырғызстан билігі «Капчыгай елді мекенін шығыс жақтан айналып өтетін Ходжаи Аъло – Ворух жолы Баткен облысының пайдалануындағы жерге түседі» деп мәлімдеген. «Бұл автокөлік жолы екі ел арасында халықаралық жеке келісім қабылданғаннан кейін ғана салынады», — делінген қырғыз үкіметінің мәлімдемесінде.

Еске салайық, көрші екі елдің үкіметтерінің келіссөздерінен соң қабылданған бірлескен мәлімдемеде тараптар топографиялық жұмыс тобына шекарадағы бірнеше даулы жердің шекара сызығы өтетін жобаны дайындау тапсырылғаны айтылған. 5 мамырда бірлескен мәлімдемені тәжік үкіметі жариялады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара 970 шақырымға созылып жатыр, бірақ соның 519 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.

Источник

Exit mobile version