Site icon KAZAKBOL

Қырғыз арнайы қызметі: Бір ғана вебкам-студия аптасына 100 мың доллар тапқан

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті вебкам-студиялар ұйымдастырып, қылмыспен келген табысты заңдастырған топты әшкереледі.

Комитет мәліметі бойынша, бұл топ Бішкек қаласында 15-тен астам вебкам-студия ашқан. Бір ғана студия аптасына 90-100 мың доллар табыс әкелген.

«Бірақ табыстың 5-10 пайызы ғана осы салада жұмыс істейтіндерге тиген», — деп хабарлады арнайы қызмет.

3 тамызда күш құрылымдары қылмыстық топты ұйымдастырушыларды ұстады. Тінту барысында 27 мың доллар, компьютерлер және «онлайн-режимде интим қызметін ұсынуға арналған заттар» тәркіленді.

«Басты ұйымдастырушы П.И. комитеттің тергеу изоляторына қамалды», — делінген ресми мәліметте.

Источник

Exit mobile version