Site icon KAZAKBOL

Қырғыз депутаттары Тәжікстаннан импортталатын электр қуаты туралы нақты ақпаратты талап етті

Қырғызстанның энергетика министрі электр қуаты Тәжікстаннан импорттала бастағанын мәлімдеген, алайда көрші ел бұл мәліметті терістеп отыр.

Соған байланысты бұл мәліметтің қаншалықты шын екенін білу керек. Депутат Ұлықбек Садиков 7 қазандағы парламент отырысында осылай деп мәлімдеді.

«Энергетика министрі электр қуаты Тәжікстаннан импорттала бастағанын мәлімдеді. Бұл ақпараттың қаншалықты шын екені әзірге белгісіз. Біз нақты ақпаратты білуіміз керек», — деді ол.

Депутат энергетика және өнеркәсіп министрі Доскул Бекмурзаевты парламентке шақыртуды ұсынды.

«Қыс қатты болады деп болжанды. Тоқтоғұл су қоймасында бар болғаны 12,3 млрд текшеметр су жиналды. Жыл сайын 6 млрд текшеметр пайдаланамыз. Су деңгейі 6 млрд текшеметрге дейін түсіп кетуі мүмкін. Бұл біздің энергетикасы саласын тұралатады», — деп есептейді ол.

1 қазанда Доскул Бекмурзаев Қырғызстан Тәжікстаннан электр қуатын импорттай бастады деп мәлімдеген. Алайда, 4 қазанда Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрлігі қырғыз министрінің мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Қырғыз жағының ұсынысын тәжік тарапы қарап жатқанын хабарлаймыз», — делінген тәжік министрлігінің мәлімдемесінде.

Источник

Exit mobile version