Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 15 қыркүйекте «билікті күшпен басып алу» ісі аясында бірқатар саясаткердің тергелгені туралы ресми ақпарат таратты.
Хабарларға қарағанда, Қырғызстанның ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу қызметі «билікті күшпен басып алу» бабы негізінде тіркелген іс материалдарын тергеп жатыр.
ІММ мәліметі бойынша, осы іс аясында 15 қыркүйекте «Толубай» банкі директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Алмаз Сарыбаев ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторында отыр. 14 қыркүйекте дәл осындай күдікпен ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Курсан Асанов қамауға алынған.
«Сотқа дейінгі өндіріс барысында куәгер ретінде бұрынғы шенеуніктер, Жогорку Кенештің бұрынғы және қазіргі депутаттары шақырылып, тергелді. Қазіргі таңда бірнеше тергеу амалы атқарылып жатыр», — делінген ІІМ хабарламасында.
Бұның алдында Интернетте Асанов пен Сарыбаевтың телефонмен сөйлесуінің аудиосы жарияланған. Онда депутат Жанарбек Ақаевтығ, ІІМ бұрынғы басшысы Мелис Турганбаевтың есімдері аталды. Олар бұл аудионы «фейк» деп атады.