Site icon KAZAKBOL

Қырғыз милициясы 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен бір жігітті ұстады

Қырғызстанда Талас облысы Ауыл ауылында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен бір ер азамат ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Талас облысының милициясы хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, 16 наурызда милиция бөліміне жәбірленушінің туыстары арызданып, 27 қаңтарда Арал ауылының бір тұрғыны 2009 жылы туған қызды автокөлікке күшпен отырғызып, сол жерде зорлағанын айтқан.

«Кісі зорлау» қылмысы негізінде іс қозғалды. Күдіктінің кім екені анықталды. Ол – 2001 жылы туған ер азамат», — деп хабарлады жергілікті милиция.

Талас облысының ішкі істер басқармасы күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылы Қырғызстанда балаға зорлық көрсету фактісі бойынша 438 қылмыстық іс қозғалған.

2022 жылғы тамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балаларға зорлық көрсеткендерді қатаң жазалайтын заңға қол қойған.

Exit mobile version