Site icon KAZAKBOL

Қырғыз премьері: Орто-Токой су қоймасы маңында секундына 30 тонна су құмға сіңіп кетеді

Орто-Токой су қоймасына 17 шақырым жерде секундына 30 текшеметр су құмға сіңіп кетеді. Қырғыз үкіметінің басшысы Ұлықбек Марипов «Пимармида» телеарнасына елдегі құрғақшылық туралы берген сұқбатында осылай деп мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, осы мәселені шешу үшін Шу қайтарма каналы құрылысының жобасын дайындау туралы шешім қабылданды.

«Әлбетте, бұл өте ауқымды жоба. Оны биыл бастаймыз. Соны жүзеге асырсақ, 30 текшеметр суды сақтау мәселесі шешіледі, ал Шу облысының шалғайдағы ауылдарына су жеткізіледі. Өте маңызды мәселе, бір секундта 30 тонна судан айрылып отырмыз. Біз осы каналды салуымыз керек», — деді Марипов.

Қырғызстандағы шаруалар биыл құрғақшылықтан қатты зардап шекті. Су тапшылығы салдарынан биыл астық 41 пайызға қысқарды. Соның салдарынан астық бағасы 40 пайызға көтерілді.

Источник

Exit mobile version