Site icon KAZAKBOL

Қырғыз соты 11 тәжік азаматын қамаудан босатты

Қырғызстандағы Лейлек ауданының соты 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасынан заңсыз өтті деген күдікпен ұсталған 11 тәжік азаматына үкім шығарды.

Бұл туралы Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне Баткен облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

3 маусымда сот олардың әрқайсына 50 мың сомнан (шамамен 600 доллар) айыппұл салып, сот залында босатты.

Тәжікстан азаматтарына «мемлекеттік шекараныбұзды» деген айып тағылды. Олардың бәрі Тәжікстанның Соғды облысы Жаббар Расулов ауданының тұрғындары.

2021 жылы Қырғызстанның 39 азаматы Тәжікстанның Соғды облысында шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен сотталған.

Ондаған тәжік азаматы Қырғызстанда шекарадан заңсыз өткені үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Қырғызстанда нақты қанша тәжік азаматы ұсталғаны белгісіз.

Биыл қаңтар айында Тәжікстанда жазасын өтеп жүрген бір қырғыз азаматы қайтс болды.

Источник

Exit mobile version