Site icon KAZAKBOL

Қырғыз сыртқы істер министрі еуропалық сарапшыларды Қырғызстан экологиясына тиген зардапты есептеуге шақырды

Қырғыз сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері экологияға тиген зардапты есептеу үшін еуропалық сарапшыларды елге шақырды.

Бұның алдында Еуроодақ дпломатиясының басшысы Жозеп Боррель Қырғызстанның тау-кен саласындағы мәселелерге алаңдайтынын айтқан. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған жауап берген қырғыз сыртқы істер министрі еуропалық мамандарды елге шақырған.

Руслан Қазақбаев пен Жозеп Боррель 22 қарашада Душанбеде «ЕО-Орталық Азия» диалогы аясында кездескен. Жозеп Боррель еуропалық инвесторлардың энергетика саласындағы жобаларға қатысқысы келетінін айтқан.

Еске салайық, Қырғызстан канадалық Centerra Gold Inc. компаниясының үстінен экологияға тигізген зардабы үшін қосымша шағым түсіруді көздеп отыр. Канадалық компания ұзақ жылдар бойы Ыстықкөл облысындағы Құмтөр алтын кенін өндірді.

Источник

Exit mobile version