Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан: «Үмут и Ко» компаниясы басшысынан бронды техника мен қару-жарақ тәркіленді

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері «Умут и Ко» компаниясы басшыларының бірін қару-жарақты заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.

Танк пулеметі орнатылған бронды барлау көлігі, сонымен бірге қарудың бірнеше түрі, жарылғыштар тәркіленді.

Арнайы қызметтің мәлімдеуінше, күдікті күнделікті өмірде де әскери киіммен жүреді, «агрессияға әуес», сол себепті қару-жарақ сатып алуды және оны заңсыз сақтауды ермек қылған.

«Қару-жарақты заңсыз сақтау» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Умут и Ко» компаниясы Қырғызстанда сүт өнімдері мен балұздақ шығарады. Компанияға ағайынды Қайрат пен Журат Абдуллаевтар иелік етеді.

Источник

Exit mobile version