Жогорку Кеңештің 14 маусымындағы отырысында депутаттар Қырғызстан мен Сауд даму қоры арасында несие келісім ратификациялау туралы заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.
Экономика және сауда министрінің орынбасары Искендер Асылқұловтың айтуынша, Сауд даму қоры 100 млн доллар несиені 25 жылға, бес жылдық жеңілдікпен, 1,5% жылдық үстемемен беруге келіскен. Ақшаның 98 пайызы «Менің үйім 2021-2026» бағдарламасын жүзеге асыруға, 2 пайызы кеңес алу қызметтеріне жұмсалады.
Мемлекеттік ипотека компаниясы басшысының орынбасары Амантур Омуров қаражат сүрілген №47 колония орнына салынатын тұрғын үй құрылысының екінші кезеңіне аударылатынын айтты.
«Қазір онда үйлер салынып жатыр. Қаражат соның екінші кезеңіне кетеді. Несие қаражаты 20 үйдің құрылысына жұмсалады» дейді Омуров.
Оның айтуынша, ипотека алуға 12 мың адам кезекте тұр, олардың басым бөлігі Бішкекте тұрады.