Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан Ауғанстаннан азаматтарын эвакуациялап жатыр

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме таратты.

Сыртқы саясат мекемесінің мәліметінше, Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайды жіті бақылап отыр. «Кабулдағы елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Байланыста отырмыз. Ауғанстанда уақытша жүрген азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, Отанына оралуға бар күшімізді салып жатырмыз», — делінген мәлімдемеде.

Жексенбі, 15 тамыз күні «Талибан» күштері Ауғанстан астанасы Кабулдың аумағына кіріп, АҚШ елшілігіне тікұшақтар қона бастады.

Ауған үкіметінің үш қызметкері Associated Press агенттігіне Кабулдың үш ауданы – Қалақан, Қарабақ және Пагманда тәліптердің жүргенін айтты. Тура осының алдында «Талибан» Жалалабад қаласын бақылауға алған.

Ауған астанасындағы АҚШ елшілігінен брондалған дипломатия көліктері кетіп жатқаны, санаулы сағаттардан соң елшілік аумағына тікұшақтардың келіп-кетіп жатқаны байқалған.

Өзбекстан билігі 14 тамызда еліне Ауғанстанның үкімет армиясы кіргенін жеткізді. Оларға уақытша баспана және тегін тамақ беріліп жатқаны айтылды.

Источник

Exit mobile version