Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан Ауғанстаннан Тәжікстанға қашқан 340 этникалық қырғызды қабылдайды

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы соңғы жағдайлардан Тәжікстанға қарай қашқан қырғыздар туралы мәлімет таратты.

Онда памирлік қырғыздар туралы мәлімет тексеріліп жатқанын, аймақтағы талаптың қаталдығынан, байланыстың нашарлығынан қандай да бір нақты мәлімет ала алмай жатқаны айтылады. Соған қарамастан ауған қырғыздарын Қырғызстанға алып келуге әрекет жасалып жатқаны атап өтілген.

«Қырғызстанның СІМ ауған қырғыздарына байланысты БҰҰ-ның тиісті мекемесіне хат жолдады. Ауған қырғыздарын тәжік-қырғыз шекарасынан тосқауылсыз өткізу өтінішімен Тәжікстанға нота жолданды», — деп айтылады мәліметте.

Сонымен бірге бұл мәселе президенттің, үкіметтің бақылауында екені жазылған.

Осының алдында Тәжікстанның шекара қызметі Ауғанстанда тұратын 340-тан астам этникалық қырғыздың мал-жанымен тәліптерден қашып келгенін хабарлаған. Жолда екі сәби шетінеген.

Источник

Exit mobile version