Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан басшысы 9 мамырда парадқа қатысу үшін Ресейге ұшып кетті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 7 мамырда ресми сапармен Мәскеуге ұшып кетті. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, сапар барысында ол Ресей басшысы Владимир Путин және өзге де ресми тұлғалармен келіссөз жүргізеді.

9 мамырда Жапаров Мәскеудегі әскери парадқа қатысады.

Сәуір айында ресейлік «Ведомости» басылымы дереккөзге сүйене отырып, Садыр Жапаров әскери парадқа қатысатын жалғыз шетелдік қонақ болмақ деп жазған. 5 мамырда Владимир Путиннің Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Мәскеуге әскери парадқа шақырғаны белгілі болды. Рахмонның шақыруды қабылдағаны-қабылдамағаны белгісіз.

Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Мәскеудегі әскери парадқа бірде бір шетелдік басшы қатыспады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков парадқа ешкім шақырылмағанын айтқан.

Источник

Exit mobile version