Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан дағдарыс орталықтарын қаржыландыруды үш есеге көбейтті

Қырғызстан үкіметі келесі жылы әйелдерге арналған дағдарыс орталықтарын қаржыландыруды көбейту жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде үкімет басшысының орынбасары Еділ Байсалов хабарлады.

Байсаловтың сөзінше, биыл аталған орталықтарға 7 млн сом бөлінген, 2022 жылы 20 млн сом бөлуді қарастырып жатыр. Қосымша 5 млн сом отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алу үшін ақпараттандыру компаниясына бөлінбек.

Биыл Қырғызстанда отбасылық зорлық көбейген. Ішкі істер органдары 7 мың 316 адамды отбасылық зорлықтан қорғау жөнінде бұйрық шығарған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1 мың 179 адамға көп.

Ішкі істер органдарының мәліметі бойынша, 2020 жылы Қырғызстанда тұрмыстық зорлық бойынша 9 мың 25 жағдай анықталған. Олардың тек 947-сі сотқа жеткен. Жыл басынан бері 7 мың 665 жағдай тіркелген.

WPS (Әйелдерге арналған бейбіт және қауіпсіздік индексі) рейтінгісі бойынша, Қырғызстан Орталық Азия елдері ішінде әйелдер үшін ең қауіпті мемлекет санатында тұр. Биыл 170 мемлекеттің ішінде Қырғызстан 97-орыннан көрінген.

Источник

Exit mobile version