Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан экономикасы биыл 7 пайызға өседі деп болжанады

Қырғызстан экономикасы 2023 жылы 7%, 2024 жылы 7,2% өседі. Бұл туралы Еуропа реконструкциялау және даму банкінің (ЕРДБ) болжамында жазылған.

Онда қырғыз экономикасы өсуінің басты факторлары ретінде Ресейдегі мигранттарға деген сұраныс, орыс капиталы мен жоғары квалификациялы жұмысшылардың Қырғызстанға көшуі және салықты басқарудың жақсарғаны көрсетілген.

Бұдан бөлек ірі энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларға салынған инвестициялар болашақта ішкі өнімнің өсуіне себеп болатыны атап өтілген.

Сонымен бірге ЕРДБ несиелеу шарттарының күшейтілуі мен Ресейден ақша аударымға тәуелділікке байланысты қауіптер сақталып қалатынын ескерткен.

Осыған дейін Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі Ұлттық статистика комитетінің болжамына сүйеніп, 2023 жылдың төрт айында елдің ішкі жалпы өнімі 264,5 миллиард сомды құрап, экономика өсімі 4,4% болғанын мәлімдеген.

Наурыз айында ел үкіметі биыл экономиканың өсімі 4,5% деңгейінде болады деген.

Источник

Exit mobile version