Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Көрші елдердің басшылары қырғыз-өзбек қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшылары достық пен стратегиялық әріптестік екі ел мүдделеріне сай дамып жатқанын атап өтті.
Тараптар сауда-экономика әріптестігі нығайып келе жатқанын, соның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан арасында сауда айналымы артқанын айтты.
Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзияев мемлекеттік шекара мәселелері жөніндегі келісімді орындау барысына да тоқталды.
5-7 мамырда Бішкекте қырғыз-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі жұмыс тобының жиналысы өтті. Онда демаркациялау тәртітін реттейтін құжат жобасы таныстырылды.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара 1 378 шақырымға созылып жатыр, соның 1 170 шықырымы (85%) 2017 жылы, одан соң тағы 13 пайызы келісілді.