Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан орыс әскери комиссариатына өрт қойған белсендіні еліне депортациялады

Қырғызстан Ресейдің Свердлов облысындағы әскери комиссариат ғимаратын өртеді деп айыпталып жатқан Алексей Рожковты отанына депортациялады. Бұл жөнінде «Зона солидарности» құқық қорғау жобасы хабарлады.

Рожков Украинадағы соғысқа қарсылық білдіріп, 2022 жылы наурызда әскери комиссариатқа өрт қойған Ресейдегі алғашқы белсенділердің бірі. Ол бірден ұсталып, тергеу абақтысына қамалған.

Оған бастапқы кезде «Адам өлтіруге әрекет ету» бабымен қылмыстық іс қозғаған. Бірақ ғимарат өртенген кезде, ішінде ешкім болмағаны анықталған соң, бұл іс «Әдейілеп басқа біреудің мүлкіне зиын келтірді» деген бапқа ауыстырылған. Рожков елден кетпеу жөнінде тілхат жазып, тергеу абақтысынан босатылған.

Бірақ 2022 жылдың аяғында ол Қырғызстанға қашып кеткен.

Былтыр Ресейде әскери комиссариаттарға 77 рет өрт қойылған.

Источник

Exit mobile version