Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан парламентінің төрағасы болып Талант Мамытов сайланды

«Ынтымақ» фракциясынан депутат Талант Мамытов 29 желтоқсанда Жогорку Кеңештің 7 шақырылымының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын 87 депутаттың 63-і қолдады.

Спикерлікке ұсынылған тағы бір үміткер «Бүтін Қырғызстан» фракциясынан Адахан Мадумаровқа 10 депутат дауыс берген. 14 депутат екеуіне де қарсы болған.

VII шақырылым депутаттары 29 желтоқсанда ант беріп, алғашқы жиналысын өткізді.

Талант Мамытов — президент Садыр Жапаровтың саясаттағы ең жақын үзеңгілестерінің бірі. Ол 2020 жылдағы қазан оқиғасынан кейін VI шақырылымға төраға болып сайланған.

28 қараша өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша, 36 округтен 34, партиялық тізіммен 54 депутат болып сайланды.

Алты партия 5% межеден өтті. Олар – «Атажұрт Қырғызстан», «Сенім», «Ынтымақ», «Альянс» «Бүтін Қырғызстан» және «Иман нұры» партиялары.

Парламентте бұрынғыдай 120 емес, 90 депутат бар.

Источник

Exit mobile version