Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан Шу өзені жиегінің шайылуынан жүздеген гектар аумағынан айырылды (видео)

Құрамында Жогорку Кеңеш депутаттары мен мамандар бар жұмыс тобы Шу өзені жиегінің шайылып кету мәселесін зерттейді. Бұл жөнінде қырғыз парламентінің вице-спикері Нұрланбек Әзіғалиев мәлімдеді.

Ол Шу өзені жағалауын бекіту үшін қанша қаржы керек екенін де қарастырамыз деді.

Осыған дейін жағалауды бекітуге жоспарланғаннан әлдеқайда аз қаржы бөлініп келгені айтылған. 2023 жылы 177 млн сом бөлуді қарастырған екен, бірақ 50 млн сом бөлінген.

Өткен айда Азаттықтың қырғыз қызметінің сайтында Қырғызстан мен Қазақстан аумағын бөлетін Шу өзенінің сол жағалауы шайылып кеткені жайында мақала жазылған. Екі жыл бұрын төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев Қырғызстан 800 гектар жерінен айырылды деп мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version