Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан соты тәжік студентін депортациялау жөнінде шешім шығарды

Қырғызстан соты тәжікстандық студентті еліне заңсыз кірді деген айыппен депортациялау жөнінде шешім шығарды.

24 жастағы тәжікстандық студент Исмоилхон Усмонов жақында ғана Қырғыз-Ресей славян университетінің медицина факультетін аяқтады. Былтыр тәжік-қырғыз шекарасында болған жанжалға байланысты оның алты жылдық білімі үзіліп қалған. Бұл жөнінде факультеттің деканы Анэс Зарифьян былай деді:

— Былтырғы шекарадағы қақтығыстан кейін көп тәжік студенті еліне қайтып кеткен. Былтыр күзде шекара жабылғанына байланысты олардың көбі Қырғызстанға келе алмады. Кейін үкімет шешім шығарғаннан кейін, біразы келді. Бірақ арасында шекараны заңсыз кесіп өткен студенттер де болған екен. Олар мұндай қадамға оқу үшін барғанын айтты. Біз олардың төлеген ақысы босқа кетпесін деп, емтиханға жібердік. Олар оқуын аяқтаған соң сот шешімі шықты.

2020/2021 оқу жылында Тәжікстаннан 79 студент аталған оқу орнында білім алған.

5 тамызда Бішкектің Бірінші май аудандық соты Исмоилхон Усмоновты «Шекараны заңсыз өту» бабы бойынша кінәлі деп тапқан.

Қырғызстанның білім министрлігінің мәліметінше, былтыр елдің жоғары оқу орындарында 2 мың тәжік студенті оқыған.

Источник

Exit mobile version