Site icon KAZAKBOL

Қырғызстандағы Исфана қаласы Раззаков болып өзгертілді

Жогорку Кенештің конституциялық заңнамалар жөніндегі комитеті Лейлек ауданындағы Исфана қаласын Раззаков деп өзгертуді қарастыратын заң жобасын үш оқылымда мақұлдады. Қала атын өзгерту жөніндегі шешімді былтыр желтоқсанда президент Садыр Жапаров қабылдаған.

Исфана — Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданының әкімшілік орталығы. Қала Тәжікстанмен шекараға жақын орналасқан.

Былтыр Қырғызстан мемлекет қайраткері Исхак Раззаковтың 110 жылдығын атап өткен.

Исхак Раззаков 1910 жылғы 25 қазанда Ош облысы (қазіргі Баткен) Лейлек ауданында туған. 1945 жылы Қырғыз ССР Министрлер кеңесінің төрағасы болып сайланса, 1950 жылы Қырғызстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы атанды. 1961 жылғы 9 мамырда «республикада партия жұмысын ұйымдастыруда жіберген қателіктері үшін» қызметтен алынды. Раззаков 1979 жылы Мәскеуде қайтыс болды. 2000 жылы Бішкектегі Ала-Арчин зиратына қайта жерленді.

Источник

Exit mobile version