Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда алып қашқан қыздың денесі табылды

Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың сүйегі табылды. Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы хабарлағандай, оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсап, жанын қиған.

Ақпаратқа қарағанда, 7 сәуірде Аламүдүн аудандық милициясына Арашан және Чокморов ауылдарына жақын жердегі жазық далада көлікте әйелдің және ер адамның сүйегі табылғаны жөнінде мәлімет түскен.

Оқиға болған жерге милиция қызметкерлері барып, Айзада Қанатбекованы ұрлаған деген күдікке ілінген ер адамның «Honda Civic» маркалы көлігін тапқан. Оның ішінен іздеу жарияланған бойжеткеннің денесі мен өзіне пышақ сұғып қаза болған ер адамның денесі табылған.

Бастапқы тергеу мәліметі бойынша, екеуінің ортасында жанжал шығып, күдікті қызды өлтіріп, артынан өзіне пышақ салған. Тиісті сот медициналық сараптама тағайындалған.

5 сәуірде таңғы сағат 7:30 шамасында Бішкек қалалық милиция қызметіне Тыныстанов пен Медеров көшелерінің қиылысынан белгісіз адамдар қызды ұрлап кеткені жөнінде ақпарат түскен.

Тергеу материалдарына сәйкес, 27 жастағы бойжеткенді үш ер адам «Honda Civic» маркалы көлікке салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Бұл факт бойынша тергеу басталған.

Әлеуметтік желілерде үш ер адам көшеден бір қызды күшпен көлікке салып кеткені түсірілген видео тарады.

Қырғызстанда алып қашудан қорғануды үйрететін видеоклип шықты:

centralasian.org

Exit mobile version