Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда азаматтарды шетелде жұмысқа орналастыру орталығы ашылды

Қырғызстанда азаматтарды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын орталық құрылды.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, жаңадан құрылған орталық еңбек министрлігіне қарайды. «Орталық еңбек мигранттары мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғау мақсатында құрылды», — деп хабарлады үкіметтегілер.

Ресми емес мәлімет бойынша, бір миллионға жуық қырғызстандық еңбек миграциясында жүр, олардың дені Ресейде жұмыс істейді. Қырғыз мигранттары Түркия мен Қазақстанда да көп. Жыл сайын Еуропа елдері мен АҚШ-қа жұмыс істеуге кеткен азаматтар саны артып келеді.

Қырғызстанды дамытудың 2026 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, билік бес жылда жұмыссыздық көрсеткішін 5,8 пайыздан 5 пайызға дейін түсіруді көздеп отыр.

Источник

Exit mobile version