Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда бензин бағасы түседі деп күтіледі

Жақын айларда Қырғызстанда бензин бағасы 5-6 сомға түсуі мүмкін. Осылай деп Қырғызстанның монополияға қарсы агенттігі мәлімдеді.

Бірақ дизель отыны бағасы бұрынғысынша қала бермек.

«Жақын айларда бағаны біртіндеп түсіру нәтижесінде бензин бағасы реттеліп, 5-6 сомға түседі», — деп хабарлады елдің монополияға қарсы агенттігі.

Қазір Аи-92 маркалы бензин бағасы 59 сом. Желтоқсан айында 60 сом болған.

Былтыр тамыз айында мұнай сатушылар Ресей жанар май экспортын қысқартуына байланысты дизель отыны бағасын көтеруі тиіс екенін айтып мәселе көтерген.

Соңғы екі жылда Қырғызстанда жанар май бағасы екі есеге өсті. Қырғызстан мұнай өнімдерінің 95 пайызын Ресейден әкеледі. Қырғызстанның жанар майға жыл сайынғы сұранысы 1,3-1,5 млн тонна.

Источник

Exit mobile version