Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда блогер Жекшеналиев екі айға қамалды

Қырғызстанда белсенді блогер Ырыскелді Жекшеналиев тергеу абақтысына екі айға қамалды. Мұндай шешімді Бішкектің Бірінші май аудандық соты шығарды.

14 тамызда Facebook парақшасында «Полит Узник» парақшасын жүргізетін Ырыскелді Жекшеналиевті елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Абдил Сегизбаевтың видеосын жариялағаны үшін тергеуге шақырған. Онда Абдил Сегизбаевтың Жетим-Тоо кеніне қатысты айтқан пікірі берілген.

Кейін Жекшеналиевке қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Медиа Полиси институты қырғыз билігін блогерге қатысты қылмыстық істі тоқтатып, оны босатуға шақырған.

Источник

Exit mobile version