Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда фармкомпания жұмысшылары ақша заңдастырды деген күдікпен ұсталды

Қырғызстан ішкі істер министрлігі қылмыстан түскен табысты заңдастырумен айналысқан фармацевтикалық компанияны әшкереледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу нұсқасына қарағанда, фармкомпания өкілдері дәрі саудасынан түскен табысты бухгалтерлік есепке қоспаған. Қылмыстан түскен табысты заңдастыру бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Министрлік фармкомпания қызметкерлері науқастарға дәріні дәл осы фирмадан алуға кеңес берген дәрігерлермен сөз байласқан деп есептейді.

Құқық қорғау органының мәліметінше, Бішкектің 1-май аудандық соты фирма директоры мен бухгалтерді бір ай қамауға алу туралы шешім шығарды. Мәліметтерге қарағанда, фармкомпанияның бас кеңсесі Әзербайжанда орналасқан. Оның Қырғызстандағы филиалдары — «RV» және «RO» компаниялары 2018 жылы тіркелген.

Источник

Exit mobile version