Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда мектеп директоры коррупциямен ұсталды (видео)

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет (ҰҚМК) Бішкектегі №61 мектептің директоры Юрий Низовский пара алды деген күдікпен ұсталды деп мәлімдеді. Мекеме таратқан мәліметке қарағанда, ол оқушылардың ата-анасынан ақша алып тұратын схема құрған.

“Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне және бірінші сыныпқа қабылдағаны үшін ата-аналардан жүйелі түрде ақша алып тұрған», — делінген мәліметте.

Арнайы қызмет таратқан мәліметте күдікті заңсыз алған мүліктерін жасыру мақсатында, оны туыстарының атына жазып жүргені айтылады.

«Тергеу барысында оның және туыстарының меншігінде 35-тен астам жылжитын және жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, коттеждер, дүкендер, көліктер, пәтерлер бар екені анықталды. Олардың жалпы сомасы 150 миллион сомға бағаланып жатыр», — делінген мәліметте.

Мектеп директорының кабинетін тексеру барысында ірі сомада қаражат табылған.

Юрий Низовский қазір тергеу абақтысына жабылған. Ол аталған мектепте 1991 жылдан бері директор болып істеген.

Источник

Exit mobile version