Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда «Орталық Азия — Еуродақ» саммиті өтеді

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында «Орталық Азия — Еуроодақ» саммиті өтеді. Аймақ елдерінің басшылары мен Еуропа кеңесінің жетекшісі Шарль Мишель осымен екінші мәрте кездеседі. Алғашқы жүздесу 2022 жылғы 27 қазанда Астанада өткен.

Саммитте Орталық Азия елдерінің Еуроодақпен диалогын, қарым-қатынасын дамыту мәселелері талқыланады.

Кездесуге жиналғандар «GSP+» жүйесінің көмегімен өзара сауда қатынасын дамыту, инвестициялық және инновациялық жобаларды ілгері жылжытуға жағдай жасау, «жасыл» энергетика енгізу, Транскаский халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндігін арттыру, озық технологиялар, экология, туризм, мәдениет және басқа да салаларда әріптес болу мәселелеріне тоқталады.

Саммит аясында бірнеше екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Бұл уақытта адам құқықтарын қорғау ұйымдары ЕО басшысын Орталық Азия елдеріндегі адам құқының бұзылып жатқанына назар аударуға үндеп отыр.

Источник

Exit mobile version