Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда жаңа оқу жылы қарсаңында мыңға жуық мектептің директоры ауысады

Қырғызстан білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекованың айтуынша, президенттің 12 шілдедегі жарлығына сәйкес, елде мектеп директорлары бес жылға тағайындалады.

Мерзім аяқталған соң олар орнын босатады.

«Дегенмен олар да өзі атқарған директор қызметіне үміттене алады. Сынақ байқауын жақында Таласта өткіземіз. Мұнда екі мектептің директор қызметі бос тұр. Тамызда басқа да мектептердің директорлары ауысады. Сынақ облыс орталықтарында өтеді», – деп түсіндірді вице-министр. Оның айтуынша, емтихандар өткізу кестесі дайын.

Еске салайық, бір күн бұрын мемлекет басшысы білім беру мекемелері басшылары қызметінің сапасын арттыру туралы жарлыққа қол қойғаны мәлім болды. Онда жетекшілер байқау нәтижесінде тағайындалатыны айтылған.

Қырғызстанда 2162 мектеп бар. Білім мекемелерінде 82 мың мұғалім жұмыс істейді.

Источник

Exit mobile version