Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда жеткіншек қызды зорлады деген ер адамның отбасы тұрған ауылдан көшіп кеткен

Сокулук ауданы Исмаил ауылындағы кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдіктінің отбасы көшіп кетті. Бұл туралы Кызыл-Туу ауыл үкіметінің жергілікті кеңесінің депутаты Мирбек Сүйүналиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, қылмысқа күдіктінің отбасы 7-8 желтоқсан күндері мал-жанымен қоса көшіп кеткен, бірақ қайда барғанынан хабары жоқ.

Сокулук ауданы прокуроры Орозбек Бердибаев ақсақалдар кеңесінің шешімінен кейін қауіпсіздік мәселесі алға тартылып, күдіктінің отбасы уақытша Бішкекке көшіп кеткенін мәлімдеді. Ол Исмаил ауылындағы қалған үйі және көшіп барған жердегі үйі құқық қорғау органдарының бақылауында екенін жеткізді.

7 желтоқсанда Исмаил ауылының ақсақалдары жас қызды зорлаған күдіктінің отбасы «қыстақтан көшіп кетсін» деген шешім шығарған.

Ауылдың 31 жастағы тұрғыны 17-дегі қызды зорлады деген күдікпен 5 желтоқсанда қамалған. Милицияға қыздың әкесі арыз жазған. Тергеу мәліметінше, күдікті қызды қалаға жұмысына жеткізіп тастаймын деп, жолда күш көрсетіп зорлаған.

Қырғызстандағы бірқатар заңгерлер ауыл ақсақалдарының шешімі заңға сәйкес келмейтінін айтып жатыр, күдіктіні жазалау соттың міндеті дейді.

Күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамалған.

Источник

Exit mobile version