Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда жиырмадан астам журналист парламент сайлауына түсуді көздеп отыр

Қырғызстанда жиырмадан астам журналист Жогорку Кенеш депутатын сайлауға кандидат ретінде қатысуға өтініш берді.

Олардың бір бөлігі саяси партиялардың атынан, қалғандары бір мандатты округтерде өз-өзін ұсынушы ретінде қатысады. Үміткерлер арасында танымал журналистер мен блогерлер бар.

Бұның алдында бұқаралық ақпарат құралдарына түскен арыздарды қарайтын комиссия депутат мандатына таласқысы келетін журналистерге мәлімдеме жасауды ұсынған. Бірақ бұл өтінішті үміткерлердің кейбірі ғана орындады.

Қырғызстан журналистері этикасы кодексінде «журналистер партияға мүше болудан, саяси қызметтен, мемлекеттік қызмет немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы жұмыстан бас тартуы тиіс» делінген. Олай болмаған жағдайда, журналист бұл туралы қоғамға хабарлауы тиіс.

Еске салайық, Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау 28 қарашада өтеді. 29 қазанда сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны басталды.

Источник

Exit mobile version