Site icon KAZAKBOL

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының негіздемесі 2023 жылы сәуірде дайын болады

Қытайдың темір жол және құрылыс корпорациясына қарасты жобалау институты «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін 2023 жылы сәуірде аяқтауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Жогорку Кенештің бюджет, экономика және салық саясаты жқніндегі комитетінің 21 қарашадағы отырысында Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров хабарлады.

Премьер-министр Қамбарата су электр станциясы мен «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы құрылыстарын елдегі ең ірі жобалар деп атады. «Бұл екеуі Қырғызстандағы ең ірі құрылыстар. Темір жолға 3-5 млрд доллар, ал ГЭС құнын әлі анықтай жатамыз, бірақ оған да шамамен 3-5 млрд доллар қаражат құйылады», — дейді Жапаров.

Бұның алдында хабарланғандай, Қытайдың темір жол құрылысы корпорациясының 160 маманы Қырғызстанға келіп, Нарын мен Жалал-Абад облыстарында жұмыс істеп жүр. Олар жерді суретке түсіріп, жынысын анықтайды.

Биыл қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқан қаласындағы саммитте «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысының жобасы аясындағы әріптестік туралы үшжақты келісім қабылданған. Жобаға сәйкес, темір жол «Торугарт — Арпа — Макмал — Жалал-Абад» бағытымен салынады. Үш елдің мамандары жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін 2023 жылдың 1 маусымына қарай дайындап шығуды жоспарлаған.

Источник

Exit mobile version