Site icon KAZAKBOL

Қытай Тәжікстаннан металлургиялық кәсіпорын салмақ

Иллюстративное фото

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы «Зарафшон» тәжік-қытай компаниясын салықтан босату жөнінде үкімет ұсынысын қолдады.

Бұл компания елдің солтүстігінен алтын мен мыс өңдеп шығаратын металлургиялық зауыт салуды жоспарлап отыр.

Келісімге сәйкес, құрылысқа Тәжікстан 117 млн доллар бөлсе, қытайлықтар қалған 70 пайызын төлейді. Құрылыс 2023 жылға қарай аяқталуы тиіс. Кәсіпорын жылына 165 мың тонна концентрат өңдейді деп жоспарланған.

Осыған дейін Пенжикент тұрғындары аймақтың экологиясын бұзады деп зауыттың салынуына қарсы болған. Парламент депутаттары зауыт өкілдерін экологиялық тазалықты барынша сақтауға шақырды.

Тәжікстанда тау-кен саласында қытай компаниялары басым. «Зарафшон» компаниясының 75% акция пакеті қытайлық Zijin Mining Group Co. Ltd компаниясына тиесілі.

Источник

Exit mobile version