Site icon KAZAKBOL

Әзербайжан әскері алты армениялық жауынгерді тұтқындады

Әзербайжан әскері армениялық алты жауынгерді тұтқынға алды. Әзербайжан қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде, олар 27 мамырда таңертең мина қойып жатқан кезде ұсталған.

Бірақ Армения қорғаныс министрлігі жауынгерлері шекара аймағындағы Гехаркуник облысында инженерлік жұмыстар жүргізіп жатқан кезде тұтқындалғанын жеткізді. Мекеме оларды қайтаруға әрекет етіп жатқанын айтты.

Апта басында Ереван мен Баку шекарадағы атысқа бірін-бірі айыптады. Армения бір жауынгерінің оққа ұшқанын мәлімдеді.

Оған дейін Ереван әзери әскерлері Сюник және Гехаркуник облыстарына бірнеше шақырым кіріп кетті деп айыптаған. Баку жауынгерлері шекарадан өтпегенін, өз тарабындағы позицияларына қайтқанын айтқан.

Былтыр күзде Оңтүстік Кавказдағы екі өлке Таулы Қарабақ анклавы үшін алты апта соғысып, жанжал Ресейдің қатысуымен құрылған келісімге қол қойылғаннан кейін тоқтаған. Оған сәйкес, Ереван этникалық армяндар ондаған жылдан бері бақылауында болған жерлерді көрші өлкеге қайтарған.

Бейбіт келісімнің аясында Ресейдің бітімгершілік күші Таулы Қарабақтың айналасына жайғастырылған.

Источник

Exit mobile version