Site icon KAZAKBOL

Әзербайжан Лачин дәлізіне бақылау бекетін орнатты

Әзербайжан Таулы Қарабақ пен Арменияны біріктіріп тұрған Лачин дәлізі арқылы өтетін жолға бақылау-өткізу бекетін орнатты. Бұл туралы Әзербайжанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) мен Мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Баку Ереванды Таулы Қарабаққа әскериін, қару-жарақ және оқ-дәрі жеткізуге, сонымен бірге Әзербайжан аймағынан табиғи ресрустар мен бағалы жәдігерлерді шығаруға айыптады.

«Армения Ресейдің араағайын болуымен 2020 жылдың қараша айындағы келісімді бұзып жатыр. Лачин дәлізінің басына шекара бақылауын орнатуы – ондағы заңдылықты қадағалайды», – деп жазылған Әзербайжан СІМ мәлімдемесінде.

2020 жылдың қараша айында үш тарап қол қойған келісімде Лачин дәлізіне бақылау-өткізу бекетін орнату жөнінде ешнәрсе айтылған емес. Онда тек Ресейдің бітімгер күшінің бақылауында болатыны айтылған.

Бұл арада АҚШ Бакудің бұл әрекетіне алаңдаушылығын білдірді. Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде бақылау-өткізу бекетін орналастыру – жағдайды бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өткен.

Лачин дәлізі – Таулы Қарабақты Армениямен жалғап тұрған жалғыз жол. 2020 жылдағы қақтығыстан кейін қол қойылған үш тарапты келісімге сәйкес Лачин ауданы Бакудың бақылауына өткен.

Источник

Exit mobile version