Site icon KAZAKBOL

Өзбек соты балалары үйіндегі қыздарды зорлағаны үшін сотталған шенеуніктер ісін қайта қарайды (видео)

Иллюстративное фото.

Хорезм облыстық прокуратурасы Өзбекстан Жоғарғы сотына балалар үйіндегі қыздармен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған шенеуніктер үкіміне шағым түсірді. Іс кассациялық тәртіппен қайта қаралады.

Соттың алғашқы инстанциясы бұрынғы екі шенеунікті 5,5 және 1,5 жылға соттаған. Прокуратура соттан үкімді жойып, істі апелляциялық инстанцияда қайта қарауды сұрап отыр. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Әбидов хабарлады.

«Арыз Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында кассациялық тәртіппен қаралады. 6 сәуірдегі сот жабық өтеді», — дейді Жоғарғы сот өкілі.

Кәмелет жасқа толмаған қызарға жасалған қиянат жеті айдан кейін ғана көпшілікке мәлім болды. Былтыр Nemolchi.uz зорлық-зомбылықпен күрес жобасы осы іс туралы материал жариялады.

Жоба авторларының хабарлауынша, балалар үйінің директоры 10 ай бойы кәмелет жасқа толмаған қыздарды шенеуніктердің көңілін көтеру үшін пайдаланған. Облыстық әділет басқармасының басшысы мен төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім басшысы балалар үйіндегі қыздармен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін облыстық мекеме жетекшісі 5,5 жылға сотталды, ал аудандық бөлім шенеунігінің еркіндігі 1,5 жылға шектеліп, бостандыққа шықты.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, 2021 жылы балалар үйінің меңгерушісі 15, 16, 17 жастағы үш қызды шенеуніктердің көңілін табуға пайдаланған. Оның қыздарды ұрғаны, тамақ бермей, оқшау бөлмеде ұстағаны мәлім болды. «Қыздар шенеуніктермен балалар үйінде, сонымен бірге облыстық мекеме басшысының қызмет пәтерінде жыныстық қатынасқа түскен. Шенеуніктер қыздарды он ай бойы зорлап келген. Осы уақыт аралығында балалар үйінде шенеуніктер «сыйлаған» түрлі жиһаздар пайда болды», — деп жазылған материалда.

Қоғам наразылығынан соң Өзбекстан бас прокуратурасы бұрынғы екі шенеунік үкімі әділ болмағанын мойындады.

Источник

Exit mobile version