Орталық Азия елдері валюталары арасында төл белгісі болмаған өзбек сумының 30 жылда алғаш рет ерекше белгісі бекітілді.
Өзбек сумының белгісіне жарияланған байқауға 17 мыңнан астам өтініш түсті. Байқаудың алғашқы кезеңінде 508 шығармашылық жоба іріктеп алынды.
«Қазылар алқасына авторы жазылмаған 54 шығармашылық жоба ұсынылды», — делінген ресми хабарламада.
Байқаудың ақтық кезеңінде жобаларды Орталық банк, Ұлттық өнер институты және Зияткерлік меншік агенттігі өкілдері бағалады.
Соның нәтижесінде Сарвар Жұмағалдиевтің графикалық белгісі ең креатив жоба деп танылып, «Сум белгісі» ретінде бекітілді.
Орталық банк «Сум белгісі» тендерін 8 ақпан мен 31 наурыз аралығында жариялаған.
Әлеуметтік желілердегі өзбек сегментінде бұл белгіге қарсы шығушылар көп. Блогерлердің кейбірі мұны плагиат деп атаған.
Мәселен, журналист Шухратбек Латыпов өзбек сумының белгісін Францияда 1998 жылы құрылған In-Core Systèmes компаниясының логотипімен салыстырды. Француз компаниясы даулы мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
MANO Branding бұл белгіні дизайнер Тамара Аркатова жасағанын, ол «Сум белгісі» байқауына қатысқанын хабарлады.