Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанға Ресейден XIII-XIX ғасырлардың мәдени құнды жәдігерлері қайтарылды

Ресейдің федералдық кеден қызметі Өзбекстанға XIII-XIX ғасырлардың 29 кітабы мен 16 қыш бұйымын қайтарды.

Федералдық қызметтің хабарлауынша, мәдени жәдігерлерді тапсыру рәсімі 21 маусымда Мәскеуде өткен.

Жәдігерлер екі елдің кеден қызметтерінің әріптестігі туралы келісім аясында бір елден екінші елге тапсырылды.

Көне кітаптар түркі, араб және парсы тілдерінде жазылған. Қыш бұйымдар орта ғасырларда Самарқанд қыш шеберханаларында дайындалған.

Мәліметке қарағанда, Өзбекстаннан мәдени жәдігерлерді шетелге шығаруға талпынған әйелді Қырымның кеден қызметкерлері ұстаған. Контрабанда қылмысы үшін айыпты деп танылған әйел екі жылға шартты мерзімге сотталған.

Источник

Exit mobile version