Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берді

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын өз еркімен салдыруға рұқсат берілді. Бұл туралы Өзбекстанның бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылды.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 қыркүйекте хабарлауынша, Pfizer вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу кезінде вакцинаның 12-15 жастағы балаларға қауіпсіз және тиімділігі жоғары екені анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан астан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салуға кеңес берген.

13 қыркүйекте Өзбекстанға Pfizer / BioNTech вакцинасының 1 200 000 дозасы жетізілді.

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны биыл 1 сәуірде басталды. Елде ресейлік Спутник V және қытайлық ZF-UZ-VAC 2001, сонымен бірге AstraZeneca, Moderna және Pfizer / BioNTech вакциналары бар.

Өзбекстанда вакцинаның 19 969 345 дозасы егілген. 4 283 645 адам вакцина салдырған.

Источник

Exit mobile version